Бұрқасын, қар, жел – жұмаға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын, батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, күндіз орталығында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар