Бұрқасын, қар, тұман - жұма күнгі ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 27 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек елдің солтүстік өңірлеріне суық циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте – тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстінгінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз күтіледі.


Соңғы жаңалықтар