«Burabike Fest -2019» қайырымдылық шарасында 300 млн теңгеден астам қаржы жиналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Burabike Fest -2019» қайырымдылық шарасында 300 млн теңгеден астам қаржы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі қайырымдылық шарасы осымен 7 жыл өтіп, оған 4 мың адам қатысты.

«Жеті жыл ішінде «Burabike Fest» спорттық-музыкалық фестивалі еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараға айналды. Биыл жаңа жаңа форматпен өтіп, одан түскен қаражат рекордтық көрсеткішке жетті. Нақты айтқанда, екі күннің ішінде 300,2 млн теңге қаржы түсті. Бұл соманың барлығы медициналық қызметтердің сапасы жақсарту мен заманауи диагностикалық және реабилитациялық құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады», - деді Б. Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль басталғанға дейін тіркеу және қайырымдылық жарналарының өзінен 130 млн теңге сома жиналған.

Айта кетсек, биыл «Burabike Fest -2019» екі күн өтті. Алғашқы күні кәсіби велошабандоздар 35 шақырымнан 70 шақырым қашықтық аралығында өзара сынға түссе, екінші күні әуесқойлар арасында 10 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды.

Бұған дейін дейін хабарлағанымыздай, биыл аталған шараға қатысушылар саны да рекордтық деңгейде болды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында өткен қайырымдылық акциясы аясында отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі 600 мың теңгеге сатылды.


Фото:sxodim.com


Соңғы жаңалықтар