Burabike Fest 2019 қайырымдылық фестивалі медициналық мекемелерге көмек көрсетеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың тамыз айында Бурабай курортында екі күндік Burabike Fest 2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Бүгін облыстық әкімдікте еліміздегі private equity саласындағы жетекші мамандардың командасымен, «Верный Капитал» инвестициялық компаниялар тобының бас директоры және басқарушы әріптесі Ерлан Оспановпен кездесу өтті. Ағымдағы жылдың тамыз айында Бурабай курортында екі күндік Burabike Fest 2019 қайырымдылық фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз, бүгін соның ұйымдастыру мәселесін талқыладық», -деп жазды Фейсбуктегі парақшасында М.Иғалиев.

Өңір басшысының орынбасары атап өткендей, Burabike Fest 2019 қызықты болады деп жоспарланып отыр. Бірінші рет екі күн бойы өтетін фестивалдің бағдарламасы бойынша қатысушылар алғашқы күні әуесқой веложарыс (24 тамыз), веложүріс (25 тамыз), шатыр қалашығы, отандық танымал әншілердің қатысуымен open air концерті, қайырымдылық аукционы, шығармашылық шеберлік сабағы және өзге де тартымды шаралар ұйымдастырылады.

Фстивальдің ресми сайтында https://burabike.kz жарияланған ақпаратқа қарағанда, қайырымдылық жобасының 6 жыл ішінде барлығы 700 миллион теңге қаржы жиналып, еліміздің балалар медициналық мекемелері, перинаталдық және оңалту орталықтарына жабдықтар сатып әперілген.

Соңғы жаңалықтар