«BurabayLand-та» қысқы маусым басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні Бурабай баурайындағы «BurabayLand» ертегі-мұз қалашығында қысқы маусымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайдағы Санта-Клаустың резиденциясында мұз айдынында коньки теуіп, бұғы және ит жеккен шанамен сырғанай аласың. Сондай-ақ Санта-Клауспен, эльфтармен және өзге де ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, суретке түсуге болады.

Соңғы кездері «BurabayLand» балалармен бірге ересектердің де сүйікті мекеніне айналып отыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам келіп, көңіл көтеріп қайтады. Қазақстанның әр өңірінде тұратын балалар Санта-Клаусқа қыс бойы хат жаза алады. Оларға міндетті түрде жауап жазылатыны айтылуда.

Маусымның ашылуына бұл жолы да облыстың əр өңірінен жиналған ересектер мен балдырғандар қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Бурабай Даму» ЖШС келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі.

Соңғы жаңалықтар