Бурабайға демалуға келе жатқан түркістандықтан түйнеме табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына сібір жарасымен ауырған Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны мен оның әйелі жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар «Қызылорда-Петропавл» пойызымен Бурабай шипажайына демалуға келе жатқан.

Жолда ер адамның қызу көтерілген.

Әлсіздік, бас ауруы, сол жақ мойынның лимфа түйініндегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбеттің болмауы, жүрек айну, сол қолдың ортаңғы саусағында жара сияқты белгілер пайда болған.

«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар досымен бірге туысынан жылқы етін сатып алған. Алдымен досы ауырып қалды, содан кейін ер адамда байланыс арқылы анықталған. Жұқпалы аурулар бөлімшесі Көкшетауда орналасқандықтан науқас бірден вагоннан түсіріліп, орташа ауыр дәрежедегі жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. «Сібір жарасы» диагнозы расталды. Аурудың тері формасы. Ауру белгілері ер адамның өзінде ғана анықталды. Бірақ оның әйелі де аурухана жатқызылды. Вагонда байланыста болғандар да анықталды. Оларды медициналық бақылау туралы нұсқама берді», - деп түсіндірді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар