Бурабайдан «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы сапарға аттанды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы сапарға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайдағы Көкше тауының етегіндегі Абылай хан алаңыннан аттанған экспедиция он күн бойы 18-ші ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен жүріп өтпек. Тағылымды экспедиция Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тікелей қолдауымен және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Экспедицияны шығарып салу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, облыс әкімнің сәлемін жеткізді.

«Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқының бостандығы, егемендігі үшін арнады. Оның еңбегі мен қайраткерлігін бүгін жас ұрпаққа жеткізу шараның басты мақсаты. Осы бағытта сапарға аттанғалы тұрған экспедиция құрамына белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Олар он күн бойы Абылай хан жүрген «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен жүріп өтіп, тарихи мәлметтер жинайды. Кейін Абылай мен оның заманы туралы жиналған материалдар ғылыми мақалалар мен жинақтар ретінде жарық көреді, сондай-ақ, «Абылай ханның қара жолы» атты көркем фильмде түсіріледі», - деді Айна Мысырәлімова өз сөзінде.
null null 

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары экспедиция қорытындысы бойынша Ақмола облысы және Көкшетау қаласының табиғи және топонимдік ланшафтын қолдана отырып жиналған, елімізде теңдесіз топографиялық карта құрастырып, шығару жоспарда барын атап өтті.
null 

Шара барысында жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев пен қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлы жиналғандарға тарихи экспедицияның маңыздылығы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Абылай ханның ұрпағы Сансызбай Мұхитанов және Мәдениет ауылының ақсақалы Дулат Әміров сөзі алып, экспедиция мүшлеріне ақ батасын беріп, ақжолтай сәт-сапар тіледі.
null 

Соңғы жаңалықтар