Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 25 °С
Алматы: 19 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Бурабай тауында «BURABAY» үлкен жазуы пайда болады

2018 жылғы 19 сәуір 09:22 914
Бөлісіңіз:
Бурабай тауында «BURABAY» үлкен жазуы пайда болады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жаз маусымының ашылуы қарсаңында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин курорт аумағын тәртіпке келтіруді және қызметтердің сапасын арттыру бойынша шара қолдануды тапсырды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы жылы жаз маусымының басталуына қарай Бурабай курортының қонақтары үшін жайлы жағдай жасау мақсатында су, электр қуатын және басқа да инженерлік коммуникацияларды жеткізу арқылы бірнеше кемпингтерді, сондай-ақ орынтұрақ аймақтарын абаттандыру жоспарланды.

«Жағажай аймағының ауданында «Визит орталық» аумағында аквапарк ашу жоспарлануда, айналма жол айырымында қонақтарды «I Love Burabay» әдемі сәулетті композиция қарсы алатын болады. Калифорниядағы белгілі HOLLYWOOD жазуы тәріздес тағы бір «Burabay» жазуы Щучинск қаласы телемұнарасының ауданындағы төбешік шатқалында пайда болады», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Орталық жағажайда курорт аймағының нағыз өзегінде жағалау аймағына шығуымен абаттандырылған аллея пайда болады. Оларды бойлай демалушыларға арналған орындықтар орналастырылады, кеш уақытында аумаққа жарық беріледі.

Орталық көшеде, орталық алаңның жағажай аймағында бірыңғай үлгідегі модульді дәретханалар орнатылады, оларды мүмкіншіліктері шектеулі адамдар пайдалана алатын болады.

Бурабай тауында «BURABAY» үлкен жазуы пайда болады 

Жаз маусымына дайындалу аясында Бурабай кентінде қоқысты бөлек жинастыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар, «Щучинск» шипажайының ауданында кемпингтерді орнату және жағажайларды жайғастыру үшін құммен рельефті тегістеу арқылы жағажай аумағын өсімдіктен санитарлық тазалау жүргізілетін болады. Туристердің бағдарлануының икемділігі үшін, курорт аймағында жол және ақпараттық сілтегіштерді орнату жоспарлануда. Қылқан жапырақты ағаштар орталық көшелерге көрік береді.

Бурабай тауында «BURABAY» үлкен жазуы пайда болады 

Сонымен қатар, жаз маусымы басталғанға дейін, Бурабай кентінде облыс әкімі реттелмеген сауда мәселесін шешуді тапсырды. «Есіл» әлемуеттік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сауда объектілерін орнату шешімі қабылданды. Бұл тетік кәсіпкерлердің сауда орындарын алудағы ашықтық пен жариялық бөлігінде сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, жаңа жұмыc орындарын ашуды қамтамасыз етеді, жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттырады, курорттың сырт келбетін жақсартады.

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат