Бурабайдағы лагерьде қайтыс болған 9 жасар оқушы өлімінің себебі анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Лагерьде ішек ауруын жұқтырып, қайтыс болған 9 жасар Аружан Әбілдинаның өлімінің себептері белгілі болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің өліміне екіжақты өкпе қабынуы, сол жақ бүйректің жарақатсыз, өзінен-өзі жарылуы себеп болған. Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 138-бабының 2- бөлімі бойынша (баланың денсаулығы мен өміріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамағаны үшін) қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Аружан Әбілдина Қарағанды облысынан Бурабай ауданы Қатаркөлдегі "Континент" балалар сауықтыру лагеріне демалуға келген болатын. Осында ол асқынған ішек жұқпалы ауруын жұқтырып, Бурабай аудандық ауруханасына, кейін ем қонбаған соң ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сонда ес жимастан жантәсілім еткен еді.

Баласынан айырылған қыздың анасы дер кезінде қызына көмек көрсетпеді деп лагерь тәрбиешілерін айыптауда.

Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жалғасуда. Оқиғаны ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өз бақылауына алған.

Соңғы жаңалықтар