Бурабайдағы қираған 9 үйдің ғимаратын қалпына келтіру үшін 90 миллион теңге қаржы қажет

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бурабайда қираған 9 үйдің ғимаратын қалпына келтіру үшін 90 миллион теңге қаржы қажет. Бұл туралы облыс басшысының Бурабай ауданына сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі С. Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді. Сондай-ақ, жылу қазандықтарында жасалып жатқан жөндеу жұмыстарына назар аударып, су тазарту мен насос стансаларының құрылысымен танысты. Бурабай ауданында жылу маусымында 5 жылу қазандығы жұмыс істейді. Сол себепті, өңір басшысы аталған нысанның қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтады.

Сонымен қатар, өңір басшысы ауданға сапары барысында 2 мектептің бүгінгі жай күйімен танысып, аудандық ауруханада болды. Білім ошақтарының ғимаратын аралаған облыс әкімі мектеп айналасына ағаш отырғызып, нысандардың ішімен қатар, сыртқы келбетіне баса назар аудару қажет деп ескертті. Ал Бурабайдағы көпсалалы ауданаралық ауруханада болған С. Кулагин емдеу мекемесінде нәрестелердің денсаулығын бақылауға арналған қосымша қондырғы сатып алу қажеттігін алға тартты. Бүгінгі күні аудандық ауруханада 137 түрлі ота жасалатын көрінеді.

Сапар барысында аймақ басшысы Бурабайдағы қираған 9 үйдің ғимаратына назар аударып, жөндеу жұмыстарын жандандыру мәселесіне тоқталды. Бүгінгі күні осынау ғимараттарды қалпына келтіру үшін 90 млн. теңге қаржы қажет болып отыр.

Соңғы жаңалықтар