+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Бурабайдағы «Қазақстандық Лапландияда» қысқы маусым басталды

2019 жылғы 1 желтоқсан 22:06
Бөлісіңіз:
Бурабайдағы «Қазақстандық Лапландияда» қысқы маусым басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні Бурабай баурайындағы «Қазақстандық Лапландия» ертегі-мұз қалашығында қысқы маусымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайдағы Санта-Клаустың резиденциясында мұз айдынында коньки теуіп, бұғы және ит жеккен шанамен сырғанай аласың. Сондай-ақ Санта-Клауспен, эльфтармен және өзге де ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, суретке түсуге болады.



Соңғы кездері «Қазақстандық Лапландия» балалармен бірге ересектердің де сүйікті мекеніне айналып отыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам келіп, көңіл көтеріп қайтады. Қазақстанның әр өңірінде тұратын балалар Санта-Клаусқа қыс бойы хат жаза алады. Оларға міндетті түрде жауап жазылатыны айтылуда.




Маусымның ашылуына бұл жолы да облыстың əр өңірінен жиналған ересектер мен балдырғандар қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Бурабай Даму» ЖШС келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі.

фото: borovoe.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Туризм, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT