+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Бурабайдағы интернет сапасы мәселесі шешіледі - Асқар Жұмағалиев

2019 жылғы 28 қазан 10:52
Бөлісіңіз:
Бурабайдағы интернет сапасы мәселесі шешіледі - Асқар  Жұмағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министр 5G желісінің Қазақстан аумағында толық қашан іске қосылатынын айтты 5G технологиясын енгізуге Үкіметтен қаражат бөліне ме Қазақтелеком 5G технологиясын тестілеу нәтижесін жария етті

«Интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында, министрлікпен байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтау барысында өлшем жұмыстары жүргізіледі. Байланыс сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық стансаларды орнату бойынша мәселелер әкімдіктер және байланыс операторларымен пысықталды. Мысалы, Бурабай курорттық аймағы және Нұр-Сұлтан қаласы аумағында әкімдіктермен бірге мачталар салу мәселесі оң шешімін тапты», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

А. Жұмағалиевтің атап өтуінше, бұл мачталарды жеке кәсіпкерлер салады, ал байланыс операторлары ұялы байланыс базалық стансаларын орнатады.

«Осындай жұмыстар Алматы және Павлодар әкімдіктерімен де жүргізіле бастады. Осы бастамаға басқа да облыс әкімдіктерінің де атсалысуы ұсынылды», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Жұмағалиев 2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы әуежай пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарланып отырғанлығынатап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT