Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 3 ауысымның жабылу салтанатты өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Шығармашылық коктейль» республикалық театр және көңілділер мен тапқырлар клубы фестивалі аясында 3 ауысымның жабылу салтанаты өтті.

Ауысымға еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық 5-9 сынып оқушылары қатысты.

Ауысым 20 күнге созылды. Осы аралықта республикалық және халықаралық, облыстық, қалалық, аудандық өнер мектептерінің театрлық ұжымдары және жайдарман байқауларының жеңімпаздары, жүлдегер жас актерлер мен жас әртістер қатысып, өздерін әр қырынан көрсете алды.

Ауысым барысында жас қазақстандық патриоттардың академиясы құрылды. Ондағы мақсат еліміздің келешек патриоттарын мектеп жасынан тәрбиелеу болып табылады.

Шараға орталық директоры Мұхитдин Төлепбай, білім беру кешенінің директоры Гүлнәр Шәріпова, спорттық-туристік кешені директоры Ринат Құлмағанбетов, тәрбие беру кешені директорының орынбасары Жангелді Әмірғалиев және ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Өркен Хафиз, орталық психологы Айшолпан Бупакова, медициналық кешеннің директоры Гүлнәр Мұхамеджанова, ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Елена Загрудницкая, жас қазақстандық патриоттар Академиясының жетекшісі Ділдәш Битуова қатысты.
«Соңғы кездері патриотизмді және азамат тәрбиелеу идеясының қоғамдық маңызы артып, мемлекеттік маңыздағы тапсырмаға айналуда. Сол себепті, мұндай игі бастаманың Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы», - деді орталық директоры М.Төлепбай.

Ауысымның жабылу салтанаттында 300 баланың ішінен іріктелген белсенді 90 балаға «Қазақстандық - жас патриоттар академиясының» куәлігі мен сертификаты және төс белгісі тапсырылды.
Еске сала кетейік, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Артек» Халықаралық балалар орталығының үлгісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған болатын.

Орталық еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.
Балдәурен Балдәурен Балдәурен Балдәурен Балдәурен Балдәурен

Соңғы жаңалықтар