Бурабайдағы Абылай хан алаңында жаңа композиция пайда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы Абылай хан алаңында жаңа композиция пайда болды. «Батырлар» аталатын сурет-мүсін композиция курортты өңірге көрік беріп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Понарамды сурет-мүсін композициясының биіктігі 7,3 метр , ені 16,8 метр , теңдесіз өнер туындысы болып табылады.

Көпбейінді туристік кешен үшін әзірленген тақырыптың басты міндеті табиғат пен қазақ халқының мәдениетін байланыстыру.

«Абылай хана алаңына келушілер бұл композициядан қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы, біркітпен аң аулау, «Көкпар», «Қыз қуу» және «Мерген» ұлттық ойындарын байқаса, енді біржағынан жеті батырдың бейнесін көреді. Яғни, ер адамның бойындағы ержету, ересек, ерлік, ержүректік, ерлік, күш, әділдік, батырлық және рухани шешімді білдереді», - дейді «Бурабай Даму» ЖШС мамандары.

Мекеменің мәліметінше, батырлардың бейнесін 35 метр қашықтан көруге болады. Ондан асқан кезде бейне бірнеше бөлікке бөлініп кетеді. Бұл халықтың жұмылғандығын білдіреді. Композициядан жеті батырдың бейнесімен бірге, мемлекеттік символдар – күн мен бүркітті де көруге болады. Бұл өнер туындысы Бурабай курортты аймағының табиғатымен үйлесім тауып отыр.

Алдағы уақытта, тағы бірқатар нысандарды абатттандыру, оның ішінде Кенесары үңгірне жақын орналасқан аумақта шағын сәулет ескерткіштер, орындықтар қою жоспарланған. Иманов бұлағында ақпарат тақтайшасы, аспалы көпір орнатылатын болады.


Соңғы жаңалықтар