Бурабайда заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полицейлер заңсыз аңшылық жасаған адамның ізіне түсіп, оны ұстады, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

Наурыздың 12-сі күні Бурабай ауданы аумағында полиция қызметкерлері мен "Бурабай" ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінің бірлесе жүргізген рейді барысында ашық даладағы қардың бетінен қарда жүретін көлік пен қанның іздері табылған.

Табылған із құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Еңбекшілер ауданындағы Үлгі ауылының 31 жастағы тұрғынының үйіне дейін апарған.

Күдіктінің үйін тінту барысында 2 түлкі мен жануарлардың мүшеленген еті табылды.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 288 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар