Бурабайда туризмді дамытуда жүзеге асырылатын басты жобалар таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин Бурабайда туризмді одан əрі дамытуда басты қандай жобалардың жүзеге асырылатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таяу жылдары жүзеге асырылатын жобалардың бірі - Бөлектау тауының маңайында тұрғызылатын 233 гектар аумақты қамтитын бірнеше нысан. Ол спорт жəне сауықтыру орталықтары, отбасылық отельдер, аквасаябақ, сырғанау алаңдары жəне тағы басқалар. Бүгінгі таңда аталған жобалардың инженерлік инфрақұрылымдары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Екінші үлкен жоба Щуче көлінің жағасында, "Rixos Borovoe" қонақ үйінің жанынан коттедждер қалашығын тұрғызу. Қалашық құрылысының жұмысы жақын күндері басталады. Тағы бір біткелі жатқан іс - Бурабай кентіндегі жаңа мешіт пен 14 гектар жерді қамтитын көпфункциялы кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Бурабай кентінен бастау алатын кешен көлге дейін жалғасады. Ол жерде қонақ үйлер, мейрамхана, ойын-сауық орталықтары орналасады. Аталған құрылыс нысандары Үкімет пен  Мəдениет және спорт министрлігінің бірлесіп жасап жатқан Бурабайда туризмді дамытудағы маңызды жобалар болып табылады, - деді М.Мырзалин.
Одан бөлек Ақылбай көлінде ат спорты жəне Көкшетаудың солтүстік жақ бетінде таудан сырғанау кешендері салынатыны айтылды.
"Бүгінде таудан сырғанау кешенін жүзеге асыратын мамандандырылған əлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы компаниялармен далалық жұмыстар жүргізілді. Онда  таудан сырғанау кешенін дамытудың ұсынымдары таныстырылды. Алдымен таудан сырғанаудың əртүрлі деңгейі бойынша ұзындығы 5 шақырым жерді алып жатқан 14 таудан түсу құрылғысы салынады", - деп толықтырды облыс басшысы. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар