Бурабайда спорттық радиопеленгация бойынша 17-ші Әлем чемпионаты жалауын көтерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 25 елінен 300 адам радиопеленгация бойынша әлем чемпионатына қатысу үшін Бурабай круортына келді, деп хабарлады Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасынан.

Ең көп делегация Қытайдан - 64 қатысушы келген, сондай-ақ жарысқа Ресейден - 40, Чехиядан - 37, Қазақстаннан - 30, Жапониядан - 25 адам қатыспақ.

17-ші әлем чемпионатының салтанатты ашылуы Бурабай кентінде өтті. Онда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, ARDF (Amateur Radio Direction Finding) вице-президенті Оле Карпестад (Норвегия) сөз сөйлеп, жиналғандарға жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ ARDF-ның атқару комитетінің мүшесі Панает Данев және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері де сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық радиопеленгация - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дания мен Англияда пайда болған радио спорты. Ол сонымен қатар ARDF аббревиатурасымен белгілі. Оның шарты бойынша спортшылар жергілікті жердің картасы, компас, бағытты антеннасы бар радиоқабылдағыш арқылы орманның қиылысқан жерлерінде 5 радиоқабылдағыш табуы тиіс. Жарыс мақсаты - аз уақыт ішінде қажетті нысандар санын табу (әдетте, 5). Жарысқа қатысу дене жатығуын ғана емес, ақыл-ой зеректігін де талап етеді.

Соңғы жаңалықтар