Бурабайда «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының ақтық кезеңі өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының ақтық  кезеңінің ашылуы рәсімі  өтті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру  орталығында  өтіп жатқан шараға еліміздің 800 мектебінің оқушылары арасында өңірлік сайыстарда жеңіске жеткен  балалар қатысып, бақ сынауда.

null

Елімізде бұқаралық спортты дамыту бойынша  алғаш рет қолға алынып отырған жоба жеңімпаздарын Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева, ҚР Дін істері  жəне азаматтық қоғам министрі Дархан Қәлетаев және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері, спорт жұлдыздары құттықтады.

null

"«SportFEST Kazakhstan» жобасының басты  мақсаты - бұқаралық спортты  дамыту, жастар  мен мектеп оқушыларының бос уақыттарын спорт  залдары  мен стадиондарда өткізуін насихаттау. Сондай-ақ, дене шынықтыруды өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыру", деді Д.Назарбаева.

Турнир 8-10 сынып оқушылары арасында футзал, əскери-қолданбалы спорт түрі, үстел теннисі, баскетбол жəне тоғызқұмалақ тəрізді спорттың 6 түрі бойынша  өтуде. 

null

Шараға қатысқан Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин құттықтау сөзінде қатысушыларға сəттілік тілей келе, бұқаралық спортты дамытуда Бурабай баурайында «SportFESТ Kazakhstan» жобасын жыл сайын өткізіп тұратын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар