Бурабайда сегіз елдің мамандары шипажай-курортты емдеуді дамыту тәжірибесімен бөлісті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында IV-ші халықаралық «Шипажай - 2019» ғылыми-практикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының ұйымдастыруымен төртінші жыл қатарынан өтуде. Форумның ашылуына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып сөз сөйледі.

«Баршамыз елімізді барлық жағынан дамыған, гүлденген мемлекет ретінде көргіміз келеді. Оның ішінде басты мәселе азаматтардың денсаулығын жақсарту маңызды болып отыр. Халықтың денсаулығын нығайтуда шипажай-курортты емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытты дамытуда біздің облыстың әлеуеті зор», - деп атап өтті өңір басшысы.

Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың айтуынша, форумның негізгі тақырыбы ретінде медициналық реабилитология тектен тек алынып отырған жоқ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу 2020 жылдан бастап жаңа тарифтік саясатты ескере отырып шипажай-курортты саланың дамуына мүмкіндік береді.

Форумда айтылғандай, жыл сайын елімізде отадан кейін 400 мыңнан астам адам бейімдеуді қажет етеді. Президент клиникасының дәрігерлері жүргізген үш жылдық зерттеу шипажай-курортты және қалпына келу емін қабылдаған науқастардың дәрігерге қайта бару көрсеткіші жылына 20 пайызға дейін кеміген.

Форумда Италия, Германия, Чехия, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Литва және Ресей елінен келген жетекші мамандар шипажай-курортты емдеуді дамытуда өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум қонақтары елімізге танымал «Оқжетпес» шипажайы және марал шаруашылығы аумағында болып, жүзеге асырылып жатқан түрлі сауықтыру шараларымен жаұын танысты.

Соңғы жаңалықтар