Бурабайда «Парктер шеруі» халықаралық акциясы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда «Парктер шеруі-2019» халықаралық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Парктер шеруі - табиғатты қорғауға арналған жыл сайын өткізілетін кең көлемді халықаралық акция. Шараға қорғалатын табиғи аумақтарды (қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар мен табиғи ескерткіштер) қолдау бойынша кез келген адам қатыса алады. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың назарын қоршаған ортаның ластануына, экологиялық және ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтардың мәселесіне аудару», - дейді ведомстводан.

Акция шеңберінде «Бурабай» МҰТП аумағында аумақтарды тазалау және абаттандыру, тақырыптық сабақтар, сондай-ақ, экология, туризм және орман шаруашылығы колледжінің студенттері мен мектеп оқушыларының Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығымен бірлесіп өткізген ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

«Биыл бірінші рет «Парктер шеруі-2019» халықаралық акциясында «Jasyl jol» электромбильдерінің шеруі өтті. Бұл - бензинді қажет етпейтін, ауаны ластамайтын, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін TESLA, JAC, BMW брендті көліктер», - деп толықтырды «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығындағылар.

Соңғы жаңалықтар