Бурабайда өткен жылы 850 мыңнан астам турист демалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Щучье-Бурабай курортында 850 мыңнан астам адам демалды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал биыл демалуға келетін туристердің саны тағы 50 мыңға артатынын айтты облыс əкімі Орталық коммуникациялар қызметінің Бурабайда өткен баспасөз маслихатында.

"Биыл Бурабайда орналасқан қонақ үй, ресторандардың иелерімен кездестім. Олардың айтуынша, келуші туристер саны айтарлықтай өскен. Тағы айта кететен жайт - туристердің көбі Астана мен Ресейден келеді. Сонымен қатар, биыл мемлекеттік тұрғыда Қытай жəне Үндістанмен жасалған визасыз режимнің арқасында аталған елдерден келушілер саны артып жатыр"-, деді Мəлік Мырзалин.

Бұрын жазғанымыздай, облыс басшысы Бурабайда жұмыс бабымен жиі болғанымен, арнайы демалуға бір-ақ рет келгенін айтқан болатын. 

null null null null null null null null   null null 

Соңғы жаңалықтар