Бурабайда қойылатын «Біржан-Сара» операсына дайындық қалай жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда қойыллатын «Біржан-Сара» операсына соңғы басты дайындығы өтті. Бұл туралы Ақмола облысы əкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиге өзінің Фейсбуктегі парақшасында Астанада автобуспен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргіншіні қағып кетті АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сарыарқа даңғылы бойында автобуспен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «14 шілдеде сағат 14:26-да Сарыарқа даңғылы мен Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында жеңіл автокөлік бұрылып жатып, қарама қарсы келе жатқан №46 автобуспен қақтығысты», - деп мәлім етті «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі. Соққы салдарынан жеңіл автокөлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші зардап шекпеген, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Дегенмен жеңіл соққыдан есеңгіреген автокөлік жүргізушісіне дәрігер көмегі қажет болған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Жол-көлік оқиғасы орнына келген ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері жеңіл автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. "> видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін кешкі сағат 21.30-да «Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары - Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы Open Air форматында қойылады.

Лирикалық-драмалық шығарма негізінде ақын, əнші-композитор Біржан сал мен дарынды айтыскер ақын Сараның айтысы туралы шынайы оқиға баяндалады. Операның бастапқы идеясы шығармашылық тұлғалардың еркіндікке деген күресі, махаббат пен бақытқа деген ұмтылысы болып табылады. «Біржан-Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясының авторы - қоюшы режиссер, PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріАсхат Маемиров, қоюшы дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы суретшілер - Софья Тасмағамбетова жəне Павел Драгунов.

Басты партияларды орындайтындар: Біржан - халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнеш, Сара - Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы, Жанбота - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл - Талғат Галеев, Қожағұл - Шыңғыс Расылхан, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Бейімбет Таңарықов.

Сондай-ақ, қойылым тобы: бас хормейстер - Қазақстанныің еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дəуітов. Қоюшы балетмейстер - Мукарам Авахри, техникалық директоры - «Астана Опера» театрының көркемдік-өндірістік кешенінің жетекшісі Виктор Караре.

Жауһар туындының жаңа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдың көктемінде «Астана Опера» сахнасында өткен болатын. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар