Бурабайда қоғамдық тәртіпті сақтауға қазақы жылқылар тартылып отыр

None
None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курорт аймағында қоғамдық тәртіпті сақтауға қазақы жылқылар тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай ауданында кавалериялық взвод 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бүгінде қоғамдық тәртіпті сақтауда қазақы тұқымынан 29 жылқы пайдаланылуда.

Оның әрқайсысы сертификаттаудан және оқытудан өткен.

Аудандық ПБ балансында 12 қызметкерге 29 жылқы бекітілген.

Яғни әр қызметкерге екі жылқыдан келеді.

Патрульдеу бір күнде бір атпен, екінші күні өзге атпен жүзеге асырылады. Сондықтан, аттар демалады.

« Олар жазғы уақытта көшеде, сондай – ақ қысқы уақытта күндіз, ал кешке-30 қораға арналған арнайы жылы орында ұсталады. Күн сайын маршрутқа шығарамыз» дейді кавалерия взводы бөлімшесінің командирі Сергей Шалаев.





Соңғы жаңалықтар