Бурабайда ер адам жартастан құлап кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 25 шілде күні сағат 11.28-де бірыңғай «112» кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Бурабай ауданының Абылай хан алаңы маңыңда ер адамның жарақат алғаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Сағат 11.29-да оқиға орнына 103 жедел жәрдем қызметі, Бурабай ауданының №7 құтқару бөлімшесі және ТЖД-ға қарасты 20-шы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткен.

11.45-те Т. есімді азамат тауда серуендеп жүріп, жартастан құлап жарақат алған.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін науқасты көтеріп таудың етегіне түсіріп, ауруханаға жеткізуге ыңғайлы аумаққа жеткізді.

Зардап шеккен азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар