Бурабайда демалушылардың көзінше екі қыз суға ағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғыны Ұлан Әбішов Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы Кіші Шабақты көлінде екі қыздың суға ағып, мерт болған оқиғасына куә болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Біз отбасымызбен қиын жағдайға тап болып отырмыз. Кіші Шабақты көлінде суға түсіп, демалып жаттық. Жиналып естелік үшін бірнеше суретке түстік. Сосын ғана сол түсірілген суреттердің бірінде қайғылы оқиғаның түсіп қалғандығын білдік», - деді Ұлан Әбішов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, суретке екі қыз бен жеткіншектің өмір үшін арпалысып жатқан сәті түсіп қалған. Олардың үрленген матрасы қатты желдің салдарынан аударылып кеткен.



«Оларға көмекке бірнеше жігіт келген, көмекке келушілер тек баланы ғана судан аман алып шыққан. Өкінішке орай, қыздарды құтқара алмаған.  Олар жағаға жетіп құтқарушыларды шақырған. Құтқару қызметі оқиға орнына бір сағатқа жуық уақытта жеткен. Әйелдер мен балалар жылап жатты. Көлде құтқару қызметі мүлде болған жоқ», - дейді оқиға куәгері.

Еске сала кетейік, бір тәулік ішінде тыйым салынған жерлерде еліміз бойынша 11 адам суға кеткендігін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар