Бурабайда демалу Түркиямен салыстырғанда неге қымбат

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Бурабайда демалу Түркияға қарағанда неге қымбатқа түсетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл - бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының əкімдеріне үнемі қойылатын, жауыр болған әрі қиын сұрақтың бірі. Өйткені, осы мəселе əлеуметтік желілерде жиі қозғалады. Қазір жағдай бір қалыпқа түсуде. Бұл жерде мəселе қызмет көрсету сапасы мен бағаға қатысты, ал ол өз кезегінде бəсекеге келіп тіреледі. Бүгінгі күнге дейін Бурабай курортында соншалықты қызу бəсекелестік болмады. Адамдар жылына тек екі-үш ай, яғни жазғы демалыс кезінде жұмыс істейді де, сол уақыт аралығында жыл бойына жететін табысты тапқысы келеді. Сондықтан да, баға өсімі орын алады", - деді облыс басшысы.

Мәлік Мырзалиннің айтуынша, курорттың тек маусыммен жұмыс істемей, жыл бойы қызмет етуі жəне бəсекелестіктің болуы аса маңызды. Бұл тұрғыда мемлекет инвесторларды тартып, жаңа инфрақұрылымдар қолға алынып жатыр. Яғни жыл бойы жұмыс істейтін қонақүйлер салынуда. Жаңа салынып жатқан қонақүйлер мен демалыс орындарының қызметі мен бағасы реттеледі. Ал бұрыннан қызмет атқарып жатқан қонақүйлер бəсекеге сəйкес сапалы жəне қолжетімді қызмет көрсетуі тиіс, оған сəйкес келмесе бағаны түсіруі керек.

"Мен отельдердің жұлдызды санатына қарай стандартталу мәселесін жиі қозғаймын. Өйткені стандарттау - отель қызметінің сапасын жақсартуға əсер етеді. Одан бөлек Four seasons бағдарламасы бойынша əр ай сайын 3-4 маңызды іс-шараларды өткізетін боламыз. Яғни, келген туристер үшін табиғат тамашалаудан өзге де көруге тұратындай, атап айтарлық шаралар болуы керек жəне ол тұрақты түрде ұйымдастырылуы тиіс. Тұрақты деген себебім - келген туристер жыл сайын белгілі бір маусымда қандай да бір нақты шараның болатынын біліп, арнайы келсе деймін. Ол спорттық, мəдени, ойын-сауық т.б. шаралары болуы мүмкін. Сол кезде отель иелері бір мезгіл жұмыс істеп, қалған уақыт жабық тұрғанның тиімсіз екен түсінеді. Әрине, аталған мəселені кешенді түрде шешу керек. Сондықтан біз "Burabay PASS" туристерге арналған карта жобасын іске қостық. Ол бойынша алдын ала қалаған қонақүйді брондайсыз, содан соң сізге кешенді карта беріледі. Оның ішінде бəрі қарастырылған, бұл қаржыңызды 50%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі. Менің ойымша, бұл өте қолжетімді баға. Ал содан ғана соң бізде немесе Түркияда демалғанның қаншалықты арзанға түсетінін салыстыруға болады",-деді Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы Ақмола облысында туризм индустриясын дамытудың жол картасы шеңберінде 7 негізгі бағыт бойынша 119 іс-шара жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақмола облысында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сертификатталған қонақ үйлер саны 5 есеге артты. Қазіргі уақытта олардың саны - 22. Жыл соңына дейін 36 қонақ үй сертификатталады.

null null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар