Бурабайда «Colorfest Burabay» фестивалі өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда 200 адамның қатысуымен «Colorfest Burabay» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Visit Aqmola туристік ақпарат орталығының дерегі бойынша «Burabayland» паркінің аумағында ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар бір-бірінің үстіне барынша бояу шашуға тырысты.

«Colorfest Burabay» фестивалі «Four seasons» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі туризмді дамыту мақсатында өткізіліп келеді.

«Фестиваль кезінде адам бір-бірінің үстіне бояу шашып қана қойған жоқ, тамаша табиғат аясында серуендеп, əсем тыңдады», - дейді шараға қатысушы Алина Оспанова.

Шара жергілікті диджейлер мен кавер-топтың концерттік бағдарламасымен мəресіне жетті.
null null 

Соңғы жаңалықтар