Бурабайда «Burabay winterfest 2020» шаңғы фестивалі өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабайда «Burabay winterfest 2020» шаңғы фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Спорттық шараны Бурабай даму компаниясы «Лыжный Щучинск» спорт порталымен бірлесіп ұйымдастырды. 3-ші рет өткізілген дәстүрлі шаңғы жарысына туристік бизнес қоғамдастығының өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада 200-ге жуық адам болды, олардың арасында курорт қонақтары да бар.

«Бұл күні шаңғы жарыстарынан басқа, қысқы демалыс әуесқойлары үшін армрестлинг, арқан тарту, бөрененің үстіндегі күрес, допты хоккей және шеңбермен жүгіру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Дала асханасында» қатысушыларға ыстық шай мен, балық сорпасы ұсынылды «, - деді ведомстводан.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, дәстүр бойынша «Burabay WinterFest 2020» фестивалі Бурабай курортында қысқы спорт маусымының жабылуын білдіреді.


Соңғы жаңалықтар