Бурабайда бұғы мен бұланның мүйізі тиелген жүк көлігі қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда бұғы мен бұланның мүйізі тиелген жүк көлігі қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақпанның 7 күні кешкі 18:15 минут шамасында Бурабай кентінде аудандық табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлері «МАН» жүк көлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында көлік кузовынан бұғы мен бұланның оралған 118 бума мүйізі анықталды.

Кейін белгілі болғандай, жүк көлігі көкшетаулық азаматқа тиесілі болып шықты. Оны 1973, 1982 және 1983 жылғы үш ресейлік жалдаған екен. Олар қазақстанға осыдан бір ай бұрын келіп,  аталған мүйіздерді жинаған көрінеді. 

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып,  істің мән жайы анықталу үстінде», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар