Бурабайда Ботай мәдениетін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда Ботай мәдениетін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Бурабайдағы Жекебатыр тауының баурайындағы Ақылбай орман шаруашылығы аумағында жүзеге асырылып жатқан Ботай мәдениетін жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде қолға алынды. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақов айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бұл жерде Ботай мәдениетіне тән жеті баспанадан тұратын визит-орталықтың іргетасы қалануда. Оны биыл жазда аяқтау жоспарланып отыр. Нысанға жол-инженерлік коммуникация жүйелері де тартылатын болады.

«Қазіргі кезде, сол дәуірдегі жеті баспананың құрылысы жүргізілуде. Әр баспананың диаметрі 8-10 метрді құрайды. Үйлердің жертөлелері бір метр тереңдікте, ал жоғары жағы ағаштан қашалып салынады. Төбесі шөп, тері, балшық және сабанмен жабылады. Барлық үйлер жерасты жолы арқылы бір-бірімен жалғасады.  Әр үйдің сол кезеңге сай өзіндік ерекшеліктері болады. Біреуінде қару-жарақ сақталса, екіншісінде сол кездегі кәсіп пен ұлттық тағамдар әзірлеу әдістері көрсетіледі. Келген адам ескі замаңға сапар шеккендей әсер алатын болады», - дейді  Қуаныш Шақшақов.

Құрылыс жұмыстарының барысын  тарих ғалымдарының докторы, археолог, Ботай мəдениетін ашқан Виктор Зайберт пен «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов бақылауда.

Виктор Зайберттің сөзінше, біздің дəуірімізге дейінгі 6 мың жылдықта қазіргі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Қостанай облыстары аумағында үлкен тарихи оқиғалар орын алған.

«Дəл осы жерлерде ат-көліктік коммуникация дəуірі қалыптасып, далалық өркениет бастау алған. Мұның барлығы көне Ботай мəдениетімен байланысты. Елбасының бағдарламалық мақаласында жаһандық экономикалық процестерді  алға қойып, рухани құндылықтарды ұмытып кететінімізге ерекше назар аударылған болатын. Сол себепті, біздің жобамыздың басты мақсаты да осы-дүние жүзіне еліміздің тарихын паш ету», - дейді Виктор Зайберт.
null 

Ботай мəдениетін жаңғырту жобасын жүзеге асыруға «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов та өз үлесін қосуда.

Тарихи нысанның құрылысымен танысқан облыс әкімі құрылыс жұмыстарын тарихи ерекшеліктерін сақтай отырып, уақтылы жүргізуді тапсырды.
null 

Сонымен қатар, Мәлік Мырзалин Бурабай кентіндегі орталық базардың маңында жаяу жүргіншілер жолын салу, кемпинг аймақ пен жағажай салу жұмыстарын және жаңадан бой көтерген мешіттің құрылысын аралап көрді.
null null 

Соңғы жаңалықтар