Бурабайда «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Бурабайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде Бурабайдағы Жекебатыр тауының баурайындағы Ақылбай орман шаруашылығы аумағында салынған визит орталықтың ашылуы рәсіміне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және жобаның авторларының бірі тарих ғалымдарының докторы, археолог, Ботай мəдениетін ашқан Виктор Зайберт пен «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов қатысты.

«Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі бір жыл астам бұрын «Жылқы» жаһандық телевизиялық ғылыми жобасына қатыстық. Әлемнің 16 ел қатысқан жобаның мақсаты жылқының шығуы тарихы мен эволюциясын зерттеу. Көптеген ғалымдар (16 елден келген ғалымдары - авт.) алғашқы жылқылар Қазақстан аумағында, нақтырақ айтқан қазіргі Астана, Ақмола облысы аумағында осыдан 4 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін анықтады. Бұл жоба біз үшін маңызды. Жыл соңына дейін жоба аяқталатын болады. Бұл фильмдер 15-20 жылда бір рет ғана түсіріледі. Осы жобаға Ақмола облысының әкімдігі қызығушылық танытып, «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығын ашуды қолға алды. Осы жерде жылқы туралы фильмдер түсіретін болады. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың бір белесі болса, екінші жағынан осы фильмдер арқылы жылқы малын алғаш қолға үйреткен өңірге туристерді тартуға мүмкіндік ашады. Туристтер ашық аспан астындағы осы музейге келіп, сол замандағы адамдардың тұрмысын тіршілігінен таныса алады», - деді Дәурен Абаев.


Ботай мәдениетіне тән нысан сол дәуірдегі жеті баспанадан тұрады. Әр баспананың диаметрі 8-10 метрді құрайды. Үйлердің жертөлелері бір метр тереңдікте, ал жоғары жағы ағаштан қиылып салынған. Төбесі шөп, тері, балшық және сабанмен жабылған. Барлық үйлер жерасты жолы арқылы бір-бірімен жалғасады. Әр үйдің сол кезеңге сай өзіндік ерекшеліктері бар. Біреуінде қару-жарақ сақталса, екіншісінде сол кездегі кәсіп пен ұлттық тағамдар әзірлеу тәсілдері көрсетілген. Келген адам ескі дәуірге сапар шеккендей әсерде болады
null

Құрылыс жұмыстары айналасы екі айдың ішінде жүзеге асырылды. Нысанға жол-инженерлік коммуникация жүйелері де тартылған екен. Жоба ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің бастамасымен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

null

Виктор Зайберттің сөзіне қарағанда, біздің дəуірімізге дейінгі 6 мың жылдықта қазіргі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Қостанай облыстары аумағында үлкен тарихи оқиғалар орын алған.

«Дəл осы жерлерде ат-көліктік коммуникация дəуірі қалыптасып, далалық өркениет бастау алған. Мұның барлығы көне Ботай мəдениетімен байланысты. Бүгін ашып отырған ашық аспан астындағы теңдесіз мұражай соның айқын бір көрінісі. Келешекте туристер бұл жерде Ботай мəдениетімен танысып қана қоймайды, Қазақстан тарихы мен көне өркениет туралы да құнды мағлұматтар алады», - дейді Виктор Зайберт.

nullnullnullnullnullnull

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар