Бурабайда бес құрылысшы екінші қабаттан құлап түскен
2021 жылғы 14 сәуір 17:44

Бурабайда бес құрылысшы екінші қабаттан құлап түскен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда нысанды қаптаумен айналысқан бес құрылысшы екінші қабаттан құлап түскен. Полиция еңбекті қорғау ережесін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуірде Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне учаскелік полиция инспекторынан аудандық ауруханаға 18-47 жас аралығындағы жергілікті бес тұрғынның түрлі дене жарақаттарымен түскенін хабарлады. Жедел-тергеу тобы зардап шеккендердің Бурабай кентіндегі құрылыс нысанында қаптау жұмыстары кезінде құлағанын анықтады.

«Зардап шеккендер өз бетінше құрылыс ағаштарын монтаждауды жүргізді (құрылыс, монтаждау жұмыстарын орындау кезінде жұмысшылар мен материалдарды орналастыру үшін уақытша қосалқы құрылыс). Тірек элементтерін осал бектілгендіктен жұмысшылар екінші қабаттағы биіктіктен құлады», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156 бабының 1 бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі терегу шаралары жүргізілуде. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Jańalyqtar

MURAǴAT