USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Бурабайда балықшылар шатырында 5 адам уланып қалды

2018 жылғы 2 наурыз 12:12
Бөлісіңіз:
Бурабайда балықшылар шатырында  5 адам уланып қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында 5 адам көмірқышқыл газынан уланды. Оның 3-уі көз жұмса, 2-уі ауыр халде ауруханға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда Бурабай ауданында болған.

«Щучье көлінде балықшылар тіккен шатырдың ішінде 1975, 1980 және 1983 жылғы үш ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, адамдар көмірқышқылы газынан уланған. Сонымен қатар, тағы екі адам ауыр халде Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде, соттық-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықталуда», - деді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT