Бурабайда балалар мен жастардың VII саммиті өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданында жастар қозғалысы мен балалар арасында «Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз: біздің мүмкіндіктеріміз бен құқымыз» атты VII саммит өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы мен республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен өткен шара Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» өкілдері, зерттеушілер, балалардың қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары, мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы, мұғалімдер, психологтар, түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.    

«Мұндай шаралар балғындардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, әлеуметтік және бастамашыл құзыретті азаматтың бет-бейнесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Елбасы мақаласында көтерілген мәселелерді іске асырудың бірден-бір жолы», - деп атап өтті республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко.

Үш күнге жалғасқан саммитте Ақмола облысындағы 30-дан астам балалар ұйымдарының өкілдері үшін түрлі қызықты шаралалар өткізілді.

Саммиттің алғашқы күнінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері «Адал ұрпақ-2017» слетін ұйымдастырды. Одан әрі «ХХІ ғасырдың балалары мәдениет пен бейбітшілік жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Онда балалар ұйымдарының жетекшілерінің өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жасаған баяндамалары тыңдалды.

Шара ересектер мен балаларды марапаттау және көшбасшылардың балымен мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар