Бурабайда алтын өндіретін кәсіпорын құрылысы басталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Бурабай ауданында жылына 6 тоннаға дейін алтын өндіретін кәсіпорын құрылысы басталады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы Бурабай ауданында «RG Gold» ЖШС базасында жылына 6 тоннаға дейін алтын шығаратын жаңа алтын шығаратын кәсіпорын құрылысы басталады. Бұл республикада асыл металдың осы түрін өндіру бойынша көшбасшылық позицияны нығайтуға мүмкіндік береді (бүгінгі таңда облыс ҚР жалпы көлемінен 31 пайыз өндіреді)», деді М.Мырзалин.

Соңғы жаңалықтар