Бурабайда 6 адам судан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында бір тәуліктің ішінде екі бірдей судан құтқару шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кезекті рейд кезінде Бурабай кентіндегі құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Бурабай көлінде катамаранға отырған 4 ересек пен 1 баланы қатты толқын жағалаудан алып кеткенін байқап қалған.

«Екпінді жел мен нөсер жаңбыр салдарынан толқын көтерілді. Табиғаттың қатал мінезіне қарамастан құтқарушылар адамдарды құтқарып, жағаға алып шықты. Кейін оларға суға түскен кезде қауіпсіздік ережелерін естен шығармау туралы кеңес берілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Бурабай көлінде мас күйінде суға шомылған келіншек құтқарылды.

Осы ретте, айта кету керек, ТЖК азаматтарға қараусыз қалған және техникалық жағынан істен шыққан катамаранмен және қайықтармен суда жүзуге болмайтынын ескертеді. Сонымен қатар, 14 жасқа толмаған балаларға ата-ананың бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейтін айтуда.



Соңғы жаңалықтар