Бурабайда 4 елдің үздік жас геологтары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жас геологтардың 5-ші Қазақстандық ашық далалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай курорттық аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында алты күн бойы жалғасқан жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген командалар қатысып, бақ сынады.

Олимпиада жеңімпаздары геологиялық тілмелер мен карталарды құру, маршруттар салу, минерология және петрография негіздерінен білім сайыстары бойынша анықталды.

Жеңімпаздарды құттықтау рәсіміне ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев пен ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысып, сөз сөйледі.

«Командалар арасында өскемендік «34 карата» бірінші, алматылық «Геолис» екінші және астаналық «Альтаир» командасы үшінші орыннан көрінді.

Ал, көкшетаулық  «Синегорье» командасы сегізінші орынға тұрақтады. Бұл команда осындай жарысқа екінші рет қатысып отыр. Сондықтан, бұл жолы тәжірибесі жетінкіремеді.

Жекелей есепте Ресейдің Кемерово қаласынан келген «Кузбасс» командасы бірінші, Қазан қаласынан келген «ГеоБарс» екінші және Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының «Странник» командасы үшінші орынға лайық деп танылды.

Айта кету керек, 2010 жылы жас геологтардың 1-ші Қазақстандық ашық далалық олимпиадасына барлығы 8 команда қатысқан болатын. Бұл жолғы олимпиадаға барлығы 20 команда қатысып, бақ сынады. Оның ішінде Ресей Федерациясынан - 2, Қырғыз Республикасынан - 2, Өзбекстаннан - 1 команда және Қазақстаннан 15 команда. Жыл өткен сайын жас геологтардың тек команда саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де өсіп келеді.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар