Бурабайда 19 жастағы астаналық таудан құлап, ауруханаға түсті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабайда 19 жастағы астаналық таудан құлап, аяғын сындырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 16:47 шамасында «Туфелька» тауында болған.

«Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар –Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккенді зембіл арқылы тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді», - ведомстводан.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабай тауында 53 жастағы әйел құлап, аяғын сындырып алды .


Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар