Бурабай жолында көлік ғимаратқа соғылып, 3 адам көз жұмды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми деректерге қарағанда, жол апаты бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы Бурабай курортына апарар жолдың «Астана-Көкшетау» тас жолына  түйісер тұсында болған.

Hyundai Starex минвен көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай бос тұрған көліктік байқау бекетінің ғимартына соғылды. Жол апатынан көлікте отырған 3  адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар