+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Бурабай ұлттық паркінің 70 гектар аумағы отқа оранды

2020 жылғы 18 қазан 16:36
Бөлісіңіз:
Бурабай ұлттық паркінің 70 гектар аумағы отқа оранды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабында қураған шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт қазанның 17-де тұтанып, қатты жел оның өршіп, үлкен аумаққа жайылуына себеп болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы ттартылды. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды» деді ведомстводан.


Айта кетейік, жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазіргі кезде «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT