17:15, 26 Маусым 2020 | GMT +6
«Бурабай» ұлттық паркіндегі өрт бір тәуліктен кейін ғана сөндірілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай ауданында өрт сөндірушілер бір тәулік бойы орман өртімен арпалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, маусымның 25-де Щучье қалалық ӨБ кезекшілік бөліміне Бурабай ауданының Сарыбұлақ ауылында түтін шығып жатқандығы туралы ақпарат түскен.
Айтылған жерге Щучье қалалық ӨБ-20 кезекші ауысымы және Бурабай аудандық ӨСБ жедел тобы барды.
«Бурабай» МТҰП 35 кварталдағы орман шаруашылығында өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға Щучье өрт сөндірушілерінен бөлек, «Бурабай» МТҰП және «Қазәуеормандықорғау» мекемесінің күш-құралдары жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің тұтану себебі мен келген материалдық залал көлемі анықталу үстінде», - дейді Бурабай аудандық ӨСБ бастығы Қанат Бабаев.
Қызыл жалын 2,8 гектар аумақты шарпыған.