«Burabay Open-2018» ашық шахмат фестивалі басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы Қатаркөлде  тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан «Burabay Open-2018» ашық шахмат фестивалінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KEGOC сервис» оқыту орталығында ұйымдастырылған жарысқа «ASTANА» орталық шахмат клубы» серіктестігінің бас директоры Абылай Тастамбеков және Астана қаласы мен еліміздің 11 облысынан келген жүзден астам шахматшы қатысып отыр. Облыс әкімі адамның ой-өрісін арттыратын шахмат фестивалінің көрікті Бурабай курортында өткізіліп отырғандығына ерекше тоқтала келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Шахмат - бұл спорт пен ғылымды қажет ететін интеллектуалды ойын. Адамның ой өрісін арттыру арқылы тұлға болып қалыптасып, алға қойған мақсатына жетуге атсалысады. Біздің облысымызда да бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Турнир тартысты әрі қызықты өтетініне сенімдімін. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі.
null

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша турнир тамыздың 27-не дейін жалғаспақ. Жеңімпаздар облыс әкімі тіккен ақшалай сыйлықпен марапатталады.

null

Соңғы жаңалықтар