Бурабай мыңдаған қазақстандық пен шетел туристерінің демалыс орнына айналды - ФОТО

None
None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері мыңдаған қазақстандықтар мен шетел туристері Бурабайға келіп, әсем табиғат аясында тынығуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаздың салқын әрі жаңбырлы болуына қарамастан Бурабай курорты туристерге лық толы. Бұл күндері ауа райы да жылы қабақ танытып отыр. Өңірде күннің шыжып тұрған жайы бар. Мұнда демалыс күндері әсем табиғат аясында тынығуға келген мыңдаған қазақстандық туристермен қатар, шетелдік қонақтарды да жиі кездестіруге болады.

Соңғы кездері, Шучье-Бурабай курортты аймағына шетелдік туристер де ағыла бастады. Өйткені, мында туристерге барлық жағдай жасалынған. Шипажайлар, демалу орындары және пансионаттардың бағасы туристер үшін қолайлы.

Бүгінгі күні мұнда өмір қайнап жатыр деуге толық негіз бар. Ал, бұл өз кезегінде өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға зор мүмкіндік.

Соңғы жаңалықтар