Бурабай мен Зерендіні жалғайтын жол жақында аяқталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі демалыс курортын жалғастыратын «Щучинск-Зеренді» тас жолының құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді Зерендіге Щучинскіден тура баруға болады. Жол құрылысы аяқталып қалды», - деді М.Иғалиев.

Айта кетсек, Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Щучинск-Зеренді» тас жолының құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Алғашқы жылы 7 миллиард теңге қаржы игерілсе, өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жол құрылысына 3,3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Ені 3,5 метр және екі қозғалыс жолағынан тұратын, ІІ және ІІІ санатқа жататын жол көліктердің сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруіне арналған.

Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын тас жол бойында 63 су өткізетін құбыр, 2 демалыс алаңы мен 4 автобус павильоны, одан бөлек 15 шақырым қарды ұстайтын және 14 шақырым барьерлік қоршау қарастырылған. Аталған тас жол Златополье, Савинка, Веденовка, М.Ғабдуллин, Серафимовка және тағы басқа елді мекендердің үстінен өтеді


Соңғы жаңалықтар