Бурабай курортының бірыңғай сәулет келбеті қалыптастырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысында Бурабай курортының бірыңғай сәулет келбеті қалыптастырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының інжу-маржаны - Бурабай курортының бірыңғай сәулет келбетін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Орталық алаңда абаттандыру жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде. Оның ішінде жол жиегіне бедер тастар төселіп, гүлзарлар отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Сондай-ақ, қазіргі замаңғы талаптарға сай тамақтану орындары ашылуда», - деп жазды облыс әкімі Мәлік Мырзалин Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы уақытта қоғамдық тамақтану орындары да көптеп ашылатынын атап өтті.

«Жақын күндері курорттық аймақта туристер арасында сұранысқа ие 20-дан астам street food павилиондарын ашу жоспарда бар. Қазірдің өзінде орталық жағажайға апаратын аллеяның бойында Бурабайға демалуға келген алғашқы туристерді кездестіруге болады. Жарықтандырылған көшелердің бойында орнатылған орындықтарда ақпараттық бағыт-бағдарлар мен «I love Burabay» белгісі қойылған. Мұнда жол, ғимараттардың сыртқы келбеті қалпына келтіріліп, маңайы абаттандырылуда», - дейді әкім. 

Соңғы жаңалықтар