Бурабай курорты ғаламдық геопарктер тізіміне енгізілуі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Алматыда өткен ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері бойынша Қазақстанның ұлттық комитетінің 3-ші отырысында Бурабай курортын ғаламдық геопарктері тізіміне енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап.

Геопарктер тұжырымдамасы 90-шы жылдардың ортасында дүниеге келді. Ондағы мақсат Жер тарихындағы геологиялық  маңызы зор аудандардағы құндылықтарды арттыру және қорғау болып табылады.

2004 жылы ЮНЕСКО тарапынан жасалынған қолдау Еуропаның геопарктер желісіндегі 17 мүшесі мен Қытайдың 8 геопаркі біріктіріліп ғаламдық геопарктер желесі жасалды. 2014 жылы аталмыш желі 100 астам ғаламдық геопарктері бар заңды мәртебе алды.

«Біз ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері бойынша Қазақстанның ұлттық комитетінің отырысында өзіміздің тұжырымдамамызды таныстырдық. Мен оның мүшесімін.  Егер комиссия оң шешім шығарып жатса, онда «Бурабай» ҰТП Орталық Азия және ТМД-да бірінші болып, ғаламдық геопарктер желісіне енеді. Осы арқылы  біздің курортты аймақ халықаралық сайттар мен анықтамаларға енеді.  Бұл өз кезегінде туристер ағынын арттырады. Ал, біз өз тарапымыздан оларға барлық жағдай жасайтын боламыз», - деп түсіндірді Марат Иғали ҚазАқпарат тілшісіне.

Қазіргі кезде, аталған халықаралық ұйымның құрамына 33 елдегі 120 геопарк енеді. Халықаралық тәжірибеде бірқатар геопарктердің дамығанын байқауға болады. Мәселен, Уругвайдағы Флорес провинциясы 2013 жылы геопарк мәртебесін алғаннан соң ірі туристік мекенге айналды. 2015  жылы Португалияның солтүстігіндегі шағын геопаркке жүргізілген талдау нысанның жыл сайын ел экономикасына 15 миллион еуро құятынын көрсетті. Қытай мен Жапон елінде геопарктерді дамыту арқылы ауылдық елді мекендер жақсы жағынан дами түсті.

Бурабай курортын ғаламдық геопарктер желісіне қабылдау мәселесі Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар