Бурабай көлінде 3 адам судан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай көлінде 3 адам судан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кезекті рейд кезінде Бурабай кентіндегі құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Бурабай көлінде жағалаудан 750 метр қашықтықта аударылған катамаран мен суға батып бара жатқан 3 адамды байқап қалған.

«Екпінді жел мен нөсер жаңбыр салдарынан толқын көтерілді. Табиғаттың қатал мінезіне қарамастан құтқарушылар үш адамды да құтқарып, жағаға алып шықты. Кейін оларға суға түскен кезде қауіпсіздік ережелерін естен шығармау туралы кеңес берілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар отряды 92 адамды құтқарды. Оның 21-і - кәмелет жасына толмағандар. Ал, дәрігер тарапынан демалушыларға 84 түрлі медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар