«Бурабай казиносында бомба»: 393 адам эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы казиноға бомба қойылғандығы туралы ақпаратқа байланысты 393 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 24 тамыз күні, сағат 09:49-да Бурабай аудандық полиция бөліміне қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен «CashVille» казиносында жарылыс болу қаупі туралы ақпарат түсті.

«Полиция қызметкерлері жеке сектордың аумағын қоршап, шығып бара жатқан көліктерді тексерді. Қазіргі уақытта 393 адам эвакуацияланды. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Жарылыс техниктері ғимаратта жарылу қаупі бар заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен бірге күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Осы реттте, Ақмола облысының Полиция департаменті жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар берген адамның қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайдағы казинода полицейлер бомба іздеп жатқандығын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар