Бурабай ауданының әкімі ауысты - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің 2017 жылдың 26 маусымдағы  өкімімен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Қанат Серікұлы Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі.

Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин Бурабай ауданы активінің жұмысына қатысып, депутаттардан жаңа әкімнің кандидатурасын қолдауды сұрады.
null 

Ұсынған кандидатураны аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен кейін облыс әкімінің өкімімен Қанат Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі  өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, ауданның жаңа әкіміне  алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол аудан активі алдында жаңа әкімге сенім білдіріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі Қанат Қарауылов өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін облыс әкімі мен депутаттарға  алғысын білдіріп, осы сенімнен шығуға бар күш-жігерін аянбайтындығын жеткізді.

Қанат Серікұлы Қарауылов 1971 жылдың 16 ақпанында Целиноград облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген.

1996  жылы Қаржы және несие мамандығы бойынша Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ Астықты сақтау, өткізу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Көлік-экспедициясы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

1999-2003 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Астықты сақтау, өткізу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Келісімшарт бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,  Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы.

2003-2006 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкілдігінің директоры, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Астықты сатып алу және сату департаментінің басқарушы директоры, директоры;

2006-2007 жылдары - «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру қоры» АҚ басқарма төрағасы.

2007-2008 жылдары - «ҚазАгроКепіл» АҚ басқармасының төрағасы.

2008-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі, стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы.

2013-2014 жылдары - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі.

2014-2015 жылдары - Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары - «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

2016 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар