Бурабай ауданында зират тонаушылар ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Златополье ауылында жергілікті христиан зиратындағы темір қоршауларды ұрлаумен айналысқан 28 және 30 жастағы екі ер адам қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ұсталғандардың екеуі де Щучье қаласының тұрғындары.

«Златополье ауылы тұрғынының Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарлаған ақпаратына сай жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында аталған елді мекендегі христиан зиратынан 10 темір қоршауды қолды қылған 28 және 30 жастағы Щучье қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Күдіктілер ұрланған қоршауды металл қабылдайтын пунктке бар-жоғы 18 мың теңгеге өткізген.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, олардың «Ауди» және «Фольксваген» көліктері айып алаңына қойылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар